Басты бет / Біз туралы БАҚ / Қазақстанға келетін контрабандалық аяқ киімдермен күрес қалай жүріп жатыр?

Қазақстанға келетін контрабандалық аяқ киімдермен күрес қалай жүріп жатыр?

12 января 2023

Қазақстанға әкеліп сатылып жатқан импорттық аяқ киімдердің жартысына жуығының кедендік алымдары төленбеген. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Бұл шамамен жүздеген миллион доллардың тауары дейді мамандар. Негізінен контрабандалық аяқ киімдер Қытайдан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан әкелінеді. Көлеңкелі бизнеспен күрес қалай жүріп жатыр? Әріптесім Айдана Мейрамбайқызы айтып берсін.

Көлеңкелі кәсіппен күресу үшін Үкімет нарыққа кіріп, сатылып жатқан аяқ киімдерді міндетті цифрлық таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдады. Алайда, кейбір кәсіпкерлер бұл өнімнің қымбаттауына соқтырады деп шағым айтқан болатын. Дегенмен, аяқ киім өндірушілері мен өзге де сала мамандары басқаша уәж айтып отыр. Мәселен, кәсіпкер Алексей Нехорошев шын мәнісінде таңбалау жүйесі тегін, әрі жабдықтарды сатып алу көп қаржы талап етпейді дейді.

АЛЕКСЕЙ НЕХОРОШЕВ, "Nehorosheff Design" студиясының негізін қалаушы:

– Аяқ киімді цифрлық таңбалау құны өзіндік құнның 1 пайызынан аспады. Және ол біз жеткізіп отырған аяқ киімнің бағасына еш әсер еткен жоқ. Біз бұл шығындарды өзіміздің жоспарланған шығынға қостық. Цифрлық таңбалауды енгізу біздің тұтынушыға ешқандай кері әсерін тигізген жоқ.

Мамандар тауарларды таңбалау жолдары өте қарапайым және кәсіпкерлердің қалтасына салмақ салмайды деп сендіріп отыр. Сондай-ақ, бұл үшін арнайы білім алу қажет емес, қосымша қызметкерлерге де жүгінудің жөні жоқ дейді. Айтуларынша, таңбалау рәсімдерін әр кәсіпкер өз күшімен-ақ жасай алады.

ТИМУР ЛАВРИНЕНКО, SystemGroup компаниясының атқарушы директоры:

– Әрбір аяқ киім бұйымын таңбалау үшін жеке Data Matrix коды шығарылады. Ол кәсіпкерлерге қосымша құн салығынсыз 2,68 теңге тұрады. Кәсіпкерлер кодты басып шығару үшін арнайы принтерлерді сатып алу немесе алмауды өз бетінше шешеді. Қазіргі уақытта тауар айналымына қатысушылар кодты қарапайым принтерде басып шығара алады. Ірі өндірушілер профильді жабдықты сатып алса болады".

АЙДАНА МЕЙРАМБАЙҚЫЗЫ, тілші: – Айта кетсек, шағын кәсіпорын иелері әдістемелік материалдарды пайдалана отырып, таңбалау процесін өздігінен жасай алады. Ал, таңбалау жасайтын құрылғының бағасы - 25 мың теңгеден басталады.

Жаңалықтармен бөлісу:

Ұқсас нәрсені қараңыз:

0
16 октября

Міндетті таңбалау: бизнес «көлеңкеден» шықты

0
16 января

Қазақстанда отандық аяқ-киім өндірісі өсіп келеді

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Басқа сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 6565 қолдау телефонына хабарласыңыз (8:00-20:00)

Олардан техникалық қолдау көрсетіміне сұраңыз