Басты бет / Біз туралы БАҚ / Қазақстанда отандық аяқ-киім өндірісі өсіп келеді

Қазақстанда отандық аяқ-киім өндірісі өсіп келеді

16 января 2023

Қазақстанда отандық аяқ киім өндірісі өсіп келеді. Бұл ретте кәсіпкерлер жеңілдетілген несиеден басқа цифрлық таңбалау жергілікті бизнесті дамытуға үлкен септігін тигізгенін айтады. Өйткені енгізілген бұл жаңашылдық заңсыз жеткізілетін тауар санын азайтты деп сенеді.

Қазақстандық аяқ киім мен киім өндірушілер үшін нарықта қалу оңай емес. Себебі, сырттан келетін заңды импорт қана емес, контрабанда да жоғары бәсекелестік болғандықтан кәсіпкерлер күнделікті күресті күшейтуге күш салып келеді. Ал цифрлық таңбалау бизнесмендердің пікірінше, заңсыз айналымды азайтуға көмектеседі, осылайша нарықта адал бәсекелестік өседі.

АНАРА ҚАЙЫРЖАНОВА, "Qaz Textile Industry" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі өзін-өзі реттеу ұйымының өкілі:

– Тұтынушы үшін бұл әуелі тұтынушы құқығын қорғау. Әрбір тұтынушы қажетті ақпаратты көре алады. Импорттаушылар үшін бұл ең алдымен контрафактілік өнімдермен күрес. Яғни, олар тауардың көшірмесі болса бірден танып, өз брендін қорғай алады. Ал біздің отандық өндірушілер үшін бұл, әрине, бірінші кезекте тең бәсекелестік.

Цифрлық таңбалаудың арқасында сарапшылар бүкіл ел бойынша статистикалық мәліметтер нақты уақыт режимінде жиналатынын айтады. Атап айтқанда, олар нарықтағы өзгерістерге уақытында жауап беруге және бизнесті қолдау мен дамыту шараларын енгізуге көмектеседі. Алғашқы нәтижелерге қол жеткізілді. Еlim маркетинг және әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметтері бойынша өткен жылдың наурыз айынан бері республикада киізден жасалған аяқ киім өндірісінің көлемі 54 пайыздан асқан.

АНАРА ҚАЙЫРЖАНОВА, "Qaz Textile Industry" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі өзін-өзі реттеу ұйымының өкілі:

– Цифрлық таңбалау сырттан келетін тауар сапасын да анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде елдің денсаулығы бар. Егер сапасыз болса тұтынушы мемлекеттік органдарға емес, тікелей өндірушіге шағымын жеткізе алады. Яғни алған киімі осы компанияның өнімі ме, жоқ қолдан жасалған көшірмесі ме, барлығына сұрау салады.

Енді цифрлық таңбалаудың арқасында аяқ киім мен киім өндірушілері тауарлардың барлық қозғалысы туралы мәліметтерге қол жеткізе алады. Тұтынушылар сатып алған тауарларының заңды екендігіне кепілдік алады. Ал мемлекет көлеңкелі айналымды төмендетіп, қазынаға түсетін салық көлемін арттырады.

Жаңалықтармен бөлісу:

Ұқсас нәрсені қараңыз:

0
7 декабря

Цифровые сапоги

0
21 декабря

Казахстанских предпринимателей обучили работе в системе цифровой маркировки

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Басқа сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 6565 қолдау телефонына хабарласыңыз (8:00-20:00)

Олардан техникалық қолдау көрсетіміне сұраңыз