- Оқыту
- Мобильді қолданбалар
Қазақстанда бірінші сәуірден бастап аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау басталады. Арнайы код арқылы тауар өндірушісі мен оның сапасы жайында бар ақпаратты білуге болады. Отандық аяқ киім шығаратын фабрикалар қазірдің өзінде тауарды цифрлық таңбалауға кірісіп кетті. Ал нарықтағы саудагерлер арасында қазір интеграторлар қызметі ерекше сұранысқа ие. Толығырақ әріптесімнің материалында.
Тараздағы аяқ киім шығаратын бұл фабрикада 60 жылдан бері таза былғарыдан аяқ киім тігіледі. Дүкен сөрелеріне жылына 240 мың данасы жөнелтіледі. Мамандар аяқ киімдерді нарыққа шығармас бұрын әуелі әрқайсысын таңбалайды. Отандық өндірушілердің пікірінше, әр қорапқа DataMatrix идентификаторын енгізу көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.
ШАМУХТАР ШАЮНУСОВ, «Таразкожобувь» фабрикасы бас директорының орынбасары:
– Біз осылай QR-код шығарамыз, желімдейміз. Сатқан кезде дүкендегі сатушы мына QR-кодқа былай аппаратты тақап, аяқ киім жайында барлық мәліметті көре алады. Қандай материалдан тігілгені, табаны қалай өңделгені жайында бар ақпарат шығады. Біз тұтынушы алдында жауапкершілігімізді толықтай сезінеміз.
Отандық аяқ киім шығаратын фабрикалардың барлығы қазіргі уақытта тауарды цифрлық таңбалауға кірісіп кетті. Ал көтерме және бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер өткен маусымнан қалған топтамаларына, яғни қалдық тауарларға штрихкод енгізетін генератор DataMatrixпен код енгізуі міндетті. Әр код 53 теңгенің шамасында шығады.
ТИМУР КОВАЛЕВ, TALLY.KZ таңбалау компаниясының негізін қалаушы:
– Бір тауарды таңбалау 53 теңгені құрайды. Бұл сомаға барлығы қамтылады. Яғни кодты ұлттық каталогқа енгіземіз, тауардың арнайы карточкаларын кіргізіп, кодтарға тапсырыс береміз, оларды басып шығарып тұтынушыларымызға жеткіземіз.
Алматылық интегратор Тимур Ковалев нарықтағы саудагерлерге тегін кеңес беріп, жаңашылдықтармен құлақтандыруда. Екі жыл ішінде оның көмегіне тұрақты түрде 150 адам жүгінген екен. Басым бөлігі - импортқа тауар жөнелтуге машықтанғандар. Олар үшін бір аяқ киімді таңбалау 53 пен 200 теңге арасында жүреді. Сарапшылар бұл сома кәсіпкерлердің қалтасына салмай салмайды деп отыр.