- Оқыту
- Мобильді қолданбалар
20 сәуірде Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператордың жобалық кеңсесінің қызметкерлері бірреттік электронды темекі айналымына қатысушылар үшін оқыту семинарын өткізді.
2020 жылдың 1 қазанынан бастап барлық темекі өнімдері 2022 жылы акциздік марка функциясын ауыстырған цифрлық таңбалауға жатады. Осы ережені бұзғаны үшін темекі өнімдерінің айналымына қатысушыларға айыппұл салынады*:
«Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ, лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – 50 АЕК (153 150 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК АЕК (459 450 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (612 600 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (1 531 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады»
*«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 137-VІІ Заңы 283-бабы.
Өткен жылдан бастап цифрлық таңбалау бірреттік қолданылатын электронды темекілерге де енгізілді. Импорттаушылар мен сатушылар сұранысы бойынша бірыңғай оператор жүйені пайдалану бойынша оқыту жүргізді.
Гибридтік режимде өткен семинарға 60-тан астам кәсіпкер қатысты: Алматы қаласында тұратын бір реттік электронды темекі айналымының қатысушылары оффлайн режімде қатыса алды; Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары үшін ZOOM жүйесінде семинардың «виртуалды бөлмесіне» сілтеме арқылы семинарға қосылу мүмкін болды.
Тауар айналымына қатысушыларды цифрлық таңбалау өнімдерімен жұмыс істеу барысы, механизмдері мен процестеріне және тауарларды қадағалауға үйрету үшін https://qazmarka.kz/ тегін платформасы құрылды. Пайдаланушылар сатушы, импорттаушы және өндіруші рөлдерінде өз өнім тобы үшін жазылған курсты таңдай алады және кез келген сабақты өздеріне ыңғайлы уақытта бастай алады.
Платформада тауар айналымына қатысушылар үшін таңбалаумен жұмыс істеуде керек болатын ақпарат бар. Теориялық және практикалық білім ыңғайлы форматта берілген: нұсқаулықтар, бейне оқулықтар және инфографиялық материалдар. Толық курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар оқудан өткені туралы сертификат алады. Сондай-ақ, порталда Қазақстан Республикасының және ЕАЭО елдерінің нормативтік құқықтық базасымен танысып, таңбалаумен жұмыс істеу бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға, сондай-ақ, оқу іс-шараларын бақылауға болады.
Семинар барысында қатысушылар оқу алаңының мүмкіндіктері туралы ақпарат алды, сондай-ақ, тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша жеке кеңестер алды.
Instagram қолданушылары үшін Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператордың жобалық кеңсесі @markirovkakz парақшасында апта сайын тікелей эфирлер ұйымдастырады. Алғашқы тікелей эфир 27 сәуірде Астана уақытымен сағат 16.00-ге жоспарланған. Пайдаланушылар мамандарға сұрақтарын қойып, аяқ киім мен темекі бұйымдарын цифрлық таңбалау туралы толық ақпарат ала алады. Тікелей эфир тақырыптарының тізімі “Цифровая маркировка” telegram-арнасында және @markirovkakz Instagram аккаунтында жарияланады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда цифрлық таңбалау және қадағалау үш өнім тобына қолданылады: 2020 жылдан бастап темекі өнімдеріне, 2021 жылдың қарашасынан аяқ киім өнімдерін және 2022 жылдың қарашасынан бастап 90 дәрілік зат таңбалауға жатады.