- Оқыту
- Мобильді қолданбалар
Тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша бірыңғай оператор қазақстандықтарға адал кәсіпкерлерді айқындап беру үшін арнайы стикерлерді таныстыруға дайындалуда.
Стикерлер таңбалау және қадағалау жүйесіне қатысатын дәріханаларға беріледі және ол дәріханалардың кіреберіс есігіне немесе касса маңында орналасатын болады. Осылайша, тұтынушылар адал кәсіпкерді бірден таниды: яғни стикерлер мұнда препараттардың тек түпнұсқасы сатылатынының дәлелі болады.
«Стикер - тұрғындарға дәріхананың таңбалау ережелерін сақтайтыны немесе сақтамайтыны туралы ақпарат беруді бір әдісі. Яғни, стикері бар дәріхана таңбалау жүйесінде тіркелген және таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істейді. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап шығарылған әрбір препарат қолдан жасауға келмейтін цифрлық кодпен белгіленуі керек. Сонымен қатар, біз стикерге әр дәріханаға жеке берілетін реттік нөмір орналастырамыз, бұл ақпарат жалпы базада жинақталады. Егер тұтынушылар тарапынан дәрі-дәрмектерді таңбалау жөнінде шағым туындаса, олар уәкілетті органдарға жүгіне алады», - деді Бірыңғай оператордың Таңбалауды насихаттау және ілгерілету департаментінің директоры Марат Шакен.
Ерекшелік белгісі саналатын стикерлерінің тұсаукесері күзде өтеді. Түпнұсқалық белгісі дәріханалардан бөлек, таңбаланған тауармен жұмыс істейтін нарықтың басқа қатысушыларына да беріледі.