Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстанда 1,6 млн-нан астам мотор майы таңбаланды

Қазақстанда 1,6 млн-нан астам мотор майы таңбаланды

5 июня 2026

1 ақпаннан бастап Қазақстанда мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Бүгінгі таңда жүйеде 6,8 млн-нан астам кодқа тапсырыс беріліп, 1,6 млн-нан астам мотор майы таңбаланды. Сондай-ақ жүйеде тауар айналымының 380-нен астам қатысушысы тіркелген, олардың негізгі бөлігін мотор майларын импорттаушылар мен өндірушілер құрайды.

Тауар айналымына қатысушылар, оның ішінде бөлшек сауда нүктелері, май ауыстыру пункттері және автосалондар өнімді сату кезінде таңбаланған тауармен дұрыс жұмыс істеуі қажет. Бақылау-кассалық машиналар арқылы сату кезінде қаптамаға басылған Data Matrix кодын сканерлеу талап етіледі. Есеп айырысу жүргізу кезінде кодты сканерлеу өнімнің таңбалау жүйесінде айналымнан автоматты түрде шығарылуын қамтамасыз етеді.

Цифрлық таңбалау жүйесін енгізу тауар айналымын қадағалаудың бірыңғай цифрлық контурын қалыптастырады, нарықтың ашықтығын және айналымға қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді.

Жаңалықтармен бөлісу:





Ұқсас нәрсені қараңыз:

0
9 июня

Семь раз отмерь, один раз отрежь - как обкатываются новые технологии

0
5 августа

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Басқа сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 6565 қолдау телефонына хабарласыңыз (8:00-20:00)

Олардан техникалық қолдау көрсетіміне сұраңыз