Басты бет / Жаңалықтар / 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап не өзгереді?

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап не өзгереді?

14 марта 2023

Аяқ киіммен айналысатын кәсіпкерлер үшін не өзгереді, ережелерді бұзғаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған және аяқ киімді бөлшектік бақылау жүйесінде неліктен тіркеу қажет – осының барлығын біз осы материалда түсіндіреміз.

Бизнес үшін басты жеңілдіктердің бірі 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін таңбаланбаған аяқ киім қалдықтарын (міндетті аяқ киім таңбалау басталғанға дейін, яғни 2021 жылдың 1 қарашасына дейін әкелінген) сатуға рұқсат беру болды. Бастапқыда бұл мерзім 2022 жылдың 1 сәуіріне белгіленді, бірақ кәсіпкерлердің жаңа ережелерге бейімделуіне көбірек уақыт беру туралы өтініші бойынша бұл мерзім бір жылға ұзартылды. Бұл ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тауарды таңбалау және қадағалау ережесіне сәйкес кәсіпорынның таңбаланбаған аяқ киім қалдықтарын сатуға құқығы жоқ деген сөз. Таңбалау және қадағалаудың қалған ережелері өзгерген жоқ.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының заңнамасында аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылмаған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде таңбаланбаған өнімдер үшін айыппұлдар қарастырылған, бірақ олар тек темекі өнімдеріне қатысты, өйткені бұрын таңбалау коды акциздік таңбаның функциясын ауыстырды және оның болмауына қатысты айыппұлдар бұрынғысынша қалды. Атап айтқанда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі №137-VІI Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» бойынша:

«Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ, лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – 50 АЕК (153 150 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК АЕК (459 450 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (612 600 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (1 531 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Цифрлық таңбалауды және қадағалауды енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 13 миллион жұпқа өсті. 2018-2020 жылдар кезеңіне таңбалау енгізілгенге дейін аяқ киім импорты 35-тен 39 миллион жұпқа дейін ауытқиды.

Сонымен қатар, тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелген аяқ киім кәсіпкерлерінен түсетін салық түсімдері 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 55%-ға, ал 2022 жылдың 11 айында салық түсімдері 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өсті.

Қазақстан Республикасындағы аяқ киім импортының өсу динамикасы және салық түсімдері түріндегі бюджет түсімдерінің айтарлықтай артуы таңбалау және қадағалау жүйесінің тиімділігін дәлелдейді.

Жаңалықтармен бөлісу:

Ұқсас нәрсені қараңыз:

0
7 июля

Начало обязательной маркировки обуви переносится на 1 ноября 2021 года

0
3 мая

Успешно завершился пилотный проект маркировки воды

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Басқа сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 6565 қолдау телефонына хабарласыңыз (8:00-20:00)

Олардан техникалық қолдау көрсетіміне сұраңыз