Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау басталды

Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау басталды

9 июля 2024

Қазақстанда 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау басталды. Бұл бүгіннен бастап дәрілік заттарды импорттаушылар мен өндірушілерге сырттан әкелген немесе өздері өндірген өнімге бірегей цифрлық DataMatrix кодын қолдану міндетті дегенді білдіреді. Бірегей кодта өндіруші, препараттың шығарылған күні және дәрі-дәрмектің дәріханаларға, медициналық ұйымдарға дейін жеткізілу маршруты толық көрсетіледі. 

Тауарларды таңбалау контрафактілік өнімдердің жолын кесіп, дәрі-дәрмек жетіспеушілігінің алдын алуға септігін тигізеді. Бұл елімізде коронавирус пандемиясы тарала бастаған уақытта болған оқыс жағдайларға ұқсас жайттарды болдырмауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап шығарылған дәрі-дәрмектер міндетті таңбалануы керек.

Қолданушылар препараттың түпнұсқалығын Naqty onim тегін қосымшасының көмегімен тексере алады. Мобильді қосымшаны App Store және Play Market-те жүктеп алуға болады. Қазақстандықтарға дәрінің DataMatrix кодын сканерлеу арқылы сатып алынған дәрі-дәрмек туралы барлық ақпаратты алуға болады. Егер сканерлеу кезінде қосымшаның жүйесінде код табылмаса, тұтынушы тиісті органдарға шағымдануға құқылы. Шағымды жеке деректерді көрсету арқылы да, анонимді түрде де беруге болады.

Таңбалауды енгізуге дайындық кезінде Бірыңғай оператор мамандары республика өңірлеріне шығып, нарық қатысушыларымен кездесіп, таңбалау жұмысының принциптері мен механизмдерін түсіндірді.

Сонымен қатар, бизнес субъектілері Бірыңғай оператордың 8 800 080 65 65 нөмірі арқылы қоңырау шалып, өз сұрақтарын қоя алады. «Жедел желі» тәулік бойы жұмыс істейді.

Жаңалықтармен бөлісу:





Ұқсас нәрсені қараңыз:

0
11 мая

Алғаш рет кеден қоймасында дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүргізілд

0
26 декабря

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Басқа сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 6565 қолдау телефонына хабарласыңыз (8:00-20:00)

Олардан техникалық қолдау көрсетіміне сұраңыз