Басты бет / Жаңалықтар / Сарапшы: Таңбалау дәрі-дәрмек бағасын төмендетеді

Сарапшы: Таңбалау дәрі-дәрмек бағасын төмендетеді

25 июля 2024

Біз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы өндірушілерді білуіміз қажет. Өйткені адам ағзасына қатысты кез-келген препарат сертификаттаудан өтуі керек. Ал қазіргі жеткізушілердің сертификаттары заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан таңбалаудың арқасында біз «көлеңкелі» жолмен жеткізілген тауарлардың жолын кесеміз.

Қазақстанға әкелінетін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың басым бөлігі ешбір бақылаусыз сатылуда. Таңбалауды енгізу арқылы барлық тұтынушы бақылаушыға айналып, емделушілер (Naqty Onim – ред.) арнайы қосымшаның көмегімен өнімнің қайдан келгенін, қалай келгенін тексере алады. Тіпті температурасының сақталғанына да көз жеткізуге болады. Қазір смартфон бәрінде бар: дәріні сканерлеп, тексеріп, сосын барып сатып ала алады.

Жүйе іске қосылғаннан кейін барлық «көлеңкелі схемалар» өздігінен жоғалады. Бұл нарықтың белгілі бір тобы үшін ыңғайсыз болғандықтан, бастамаға қарсы шығушылар да табылады. Алайда кәсіпкер адал жолмен әрекет етсе, қорқатын ештеңе жоқ.

Таңбалау кодтарының құны соншалық қымбат емес, әрі соңғы бағаға әсер етпейді. Керісінше, көптеген дәрі-дәрмектің бағасы 7-17%-ға дейін төмендейді.

Мәселен, сіз кез-келген өнімді ресми, заңды түрде импорттайсыз делік. Сізге үнемі өнімнің өзіндік құнын қымбаттатпау үшін көлікке, кеңсеге және қоймаға кететін үстеме шығындарды азайту қажет болатын. Жаңа ережелерге сәйкес, «көлеңкелі» жолмен жұмыс істейтіндер импорттауды тоқтатты. Ал заң аясында әрекет етушілер бәсекеге төтеп бере алатын болды.  

«Таза» жұмыс істеген нарық қатысушыларының әлдеқашан корпоративтік басқаруға көшкенін, олардың барлығында сәйкестік туралы келісімдерінің барын айта кеткен жөн. Міне, осындай компаниялар сапасыз өнімді сатуға жол бермейді. Баға сөзсіз төмендейді.

Жаңалықтармен бөлісу:





Ұқсас нәрсені қараңыз:

0
12 сентября

Қазақстандық импорттаушылар мен экспорттаушылар үшін Беларусь Республикасынан аяқ киім тауарларының импорты мен экспорты жеңілдетілді

0
29 августа

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Басқа сұрақтарыңыз болса, 8 800 080 6565 қолдау телефонына хабарласыңыз (8:00-20:00)

Олардан техникалық қолдау көрсетіміне сұраңыз